27.04.2025, 15:20
Жаңалықтар
Ақмола облысында мотоцикл мінген әйел жол апатынан қаза тапты
Жолда мотоцикл мен жеңіл автокөлік соқтығысты
Фото: instagram.com/nayzakokshe
Ақмола облысында мотоцикл мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 25 сәуір күні Тайтөбе ауылында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Жұбанов көшесіне бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан мотоциклмен соқтығысқан.
Мотоциклде 31 жастағы ауыл тұрғыны және оның 28 жастағы жұбайы болған. Екеуі де ауыр жағдайда Астанадағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне жеткізілді.
«26 сәуір күні мотоциклдің жолаушысы алған жарақаттарынан көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Көп оқылған
23.09.2026, 09:43
Талдықорғанда 40-тан асқан әйел іш киіммен тікелей эфирге шығып, боғауыз сөздер айтқан (ВИДЕО)
24.09.2026, 15:22
Тоғыз сарбаз қаза тапты, тағы жетеуінен хабар-ошар жоқ: Ақтауға Қанат Бозымбаев аттанды
23.09.2026, 11:50
«Байыпсыз блогер мен кереғар коучке еліктейді»: депутат жастарға білім-ғылымды насихаттау мәселесін көтерді
23.09.2026, 15:33
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
23.09.2026, 16:38
Қазақстанда доллар бағамы 445 теңгеге дейін түсіп қалды