$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады

Ол алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасын Бостандық күнімен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен оның отандастарын ұлттық мейрам — Бостандық күнімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған ел екенін, бүгінде халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Президент жеделхатта Сирил Рамафосаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі», — делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары