27.04.2025, 10:37
Жаңалықтар
СҚО-да төрт күннен бері су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр
Су тасқынына қарсы шараларға 1,6 мыңға жуық адам жұмылдырылған
Фото: ТЖМ
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тепличное ауылында төртінші күн қатарынан су тасқынының алдын алу шаралары тоқтаусыз жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауылда негізгі күштер бөгетті нығайту мен тасқын салдарын болдырмауға бағытталған. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, жұмыстар тәулік бойы бақылауда.
«Үш күннен бері үздіксіз жұмыс істеп жатырмыз. Тепличное ауылындағы қорғаныс білігін нығайту барысын өзім жеке бақылап жүрмін. Кеше 30 мың қадам жасасам, бүгін де сондай қашықтықты еңсердім», — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, су тасқынына қарсы шараларға 1,6 мыңға жуық адам жұмылдырылған.
Көп оқылған
04.05.2026, 13:32
«Артыңа ағаш тығамыз»: Степногорскте бір топ бала жабылып, 1-сынып оқушысын ұрып кетті
04.05.2026, 12:23
Ирандық инвесторлар Қазақстандағы ірі агрожобаларға миллион долларлап ақша құятын болды
04.05.2026, 15:59
Астанада қайғылы жағдай: аула ішінде 2 жасқа толмаған бүлдіршінді көлік қағып кетті (ВИДЕО)
04.05.2026, 16:45
Аптап ыстық күндер келе жатыр: алдағы үш тәулікте ауа райы 36 градусқа дейін барады
04.05.2026, 09:41
Алматы әуежайында шетел азаматы ірі көлемде есірткімен ұсталды: ол өмір бойына сотталуы мүмкін
04.05.2026, 11:56
Үкімет Риддердің жылу жүйесін жөндеу үшін 1,8 млрд теңге бөлетін болды