$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 6 жыл бойы алимент төлемеген адамнан 8 миллион теңге өндірілді

Аталған тұлға бірнеше рет сот шешімін орындамаған

Шымкентте 6 жыл бойы алимент төлемеген адамнан 8 миллион теңге өндірілді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Шымкент қаласының прокурорлары 8 миллион теңгеге жуық алимент қарызын өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында азамат «О»-ның 6 жыл бойы өз балаларына алимент төлемей, 7 905 638 теңге қарыз болғаны анықталды.

«Аталған тұлға бірнеше рет сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған», — делінген хабарламада.

Прокуратура бұл деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеп, іс материалдары сотқа жолданған.

Сот отырысы барысында борышкер жәбірленуші тараппен татуласып, толық қарыз сомасын — 7 905 638 теңгені өтеген. Осыған байланысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары