$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркиялық жұлдыз Тарканның анасы қайтыс болды: әнші жүрекжарды жазбасын жариялады

Қаралы хабарды ол Германияда жүргенде естіген

Түркиялық жұлдыз Тарканның анасы қайтыс болды: әнші жүрекжарды жазбасын жариялады
Фото: https://www.instagram.com/tarkan/

Түркия шоу-бизнесінің жұлдызы Тарканның анасы – Неше Теветоғлу сәуір айының ортасында Анталья қаласындағы ауруханада жүрек талмасынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы хабар тараған кезде әнші Германияда өзінің еуропалық турнесімен жүрген болатын. Анасынан айырылғанын естіген соң, ол бірден Ыстанбұлға ұшып келіп, жерлеу рәсіміне қатысты.

Отбасындағы ауыр қайғыдан кейін Таркан алғаш рет әлеуметтік желіде сөз сөйлеп, анасымен қоштасу жолдауын жариялады.

«Анадан айырылу – ішкі жан дүниеңде лапылдап жанған от секілді. Бұл от оңайлықпен сөнбейді. Қиын сәттерде жанымда болғандарыңыз – мен үшін өте қымбат. Бұл кезеңде маған қолдау білдірген барлық сүйікті жандарға, тыңдармандарыма, отбасым мен достарыма шын жүректен алғысымды білдіремін»,-  деді әнші.

Жазбада Таркан әсіресе әйелі Пынарға деген алғысын ерекше атап өтті.

«Бұл ауыр кезеңде әрдайым жанымнан табылғаның үшін ризамын. Қызымыздың күлімдеген жүзі жүрегімдегі ауыртпалықты жеңілдетуге көмектеседі. Сендер барсыңдар – соған мың алғыс», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Түркия #өлім #әнші