25.04.2025, 14:29
Жаңалықтар
Астанада Министрліктер үйі жанында көлік қағып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды
Жол-көлік оқиғасы Достық көшесінде болды
Фото: Видеодан скрин
Бүгін таңертең Астанадағы Министрліктер үйінің жанында көлік қағып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Достық көшесінде болды. Ер адам Министрліктер үйінің жанында белгіленбеген тұстан жолды кесіп өтемін деп көліктің астына түсті.
Ол №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын айтты.
«Қабылдау бөлімі деңгейінде бейінді мамандар қарады. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жеңіл ми шайқалу диагнозын қойды. Ауыр жағдайдың болмауына байланысты науқас үйіне жіберілді, амбулаториялық деңгейде дәрігерлерге бару үшін ұсыныстар берілді», - деп хабарлады елордалық Денсаулық сақтау басқармасы.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 16:26
Теміртауда бірнеше ай бұрын жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды
13.11.2026, 12:22
Қазақстандықтар 17 қарашада интернетсіз және азық-түліксіз қалуы мүмкін бе: министрліктер жауап берді
13.11.2026, 14:26
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
