24.04.2025, 21:50
Жаңалықтар
Астанада ер адам автобуста қыздың бөксесіне қол жүгіртті (ВИДЕО)
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады
Фото: pixabay
Астанада ер адам автобуста қыздың бөксесіне қол жүгіртті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Болған жайтты куәгер видеоға түсіріп алған. Видеодан азғын қыздың жамбасына қолын ақырын тигізіп жатқанын көруге болады. Мұны байқаған жолаушылардың бірі «не істеп жатсың?» деп сұрайды. Ер адам жалт бұрылып, «ештеңе» деп жауап берген.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты жауап берді. Елорда полицейлері азғынды іздестіріп жатыр.
"Ер адамның кім екені анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты тергеу басталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
23.06.2026, 10:47
Кавказды дүр сілкіндірген оқиға: 8 жастағы Хизир Дербичев жер қойнына тапсырылды (ВИДЕО)
23.06.2026, 13:39
Әкесінің інісі аяусыз ұрып-соққан: Ақмола облысында жапан далада жалғыз жүрген 5 жасар баланың ісі қаралып жатыр
23.06.2026, 09:54
Алаяқтар көлік ұрлаудың жаңа тәсілін ойлап тапты: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады
23.06.2026, 13:49
Алматыда ішімдікке сылқия тойған ер адам көлік ұрлап кеткен (ВИДЕО)