$ 516.16  584.86  6.25
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Руслан Берденовтің жағдайы туралы ақпарат шықты

Мәжіліс депутаты Шымкент қаласының ауруханасында жатқан Руслан Берденовке арнайы ұшып барған

 

Руслан Берденовтің жағдайы туралы ақпарат шықты
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев оққа ұшқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол бүгін таңертең Шымкент қаласының ауруханасында жатқан Руслан Берденовке арнайы ұшып барған.

«Қазіргі жағдайы – орташа ауыр, реанимацияда. Сана-сезімі анық, сөйлесіп жатыр, жігерлі. Барша әріптестерден, достарымыздан сәлем айттым», - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Болатбек Әлиев Берденовтың ата-анасын жақсы танитынын, бірге қызметтес болғанын атап өтті.

«Осы оқиға болған Шымкент – менің сайлау округім. Бір мандатты депутат ретінде арнайы келіп, жағдаймен жергілікті жерде таныстым. Көптеген адаммен сөйлестім, өз көзіммен көрдім», - деп түйіндеді депутат.

Айта кетейік, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке ота жасалып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Кейін оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.

Серіктес жаңалықтары