$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда дрифт жасаған 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)

Оған қатысты апаттық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды

Алматыда дрифт жасаған 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Алматы қаласындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мониторинг барысында жанармай құю бекеттерінің бірінің аумағында қауіпті маневр жасау дерегі тіркелді. Спорттық көлік басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және апаттық жағдайды тудыратын дрифт элементтерін жасады.

Полиция қызметкерлері 23 жастағы жүргізушіні анықтады және ұстады. Оған қатысты маневр жасау ережелерін бұзып, апаттық жағдай туғызғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот жүргізушіні 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Мұндай бұзушылықтардың әрқайсысы айналадағыларға қауіп төндіреді. Жол – экстремалды жүргізу дағдыларын көрсететін орын емес. «Қауіпсіз жол» ЖАІ аясында біз мұндай жағдайларға басымырақ көңіл бөлеміз. Жауапкершіліктің болатыны сөзсіз», - деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Видео: Алматы қаласының Полиция департаменті

Серіктес жаңалықтары