24.04.2025, 09:50
Жаңалықтар
«Болашағым менің жұмбақ»: жақында түрмеден шыққан Алмас Кішкенбаев жаңа әнін паш етті (ВИДЕО)
Ол оқырманынан қолдау күтетінін айтты
Фото: Instagram / a.kishkenbaev
Қазақстан эстрадасындағы танымал әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылық жолын жалғастырып, тыңдармандарына «Қымбат» атты жаңа әнін ұсынды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қымбаттылар! Жуырда жаңа әнім жарыққа шығады. Сіздердің әнге деген қолдауларыңызды күтемін», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Кішкенбаевтың бұл туындысы – шығармашылығына қайта оралғанының белгісі. Жанкүйерлер жаңа әнге қызығып отыр.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың ақпан айында Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке әкімшілік жаза ретінде қамалған болатын.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды