Кәмелетке толмаған ұлдың жыныс мүшесін ұстаған – әнші Алмас Кішкенбаев тергеліп жатыр
Оған 17 жастағы ұлдың әкесі арыз-шағым жазған

Алматыда 17 жастағы курьерге жасы үлкен ер адам тиіскен. Оны естіген жәбірленуші баланың әкесі полицияға арыз жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2007 жылы туған бозбаланың сөзінше, кешкі сағат 21.00 кезінде оған Алматы тұрғынынан 3 бөтелке сыраға тапсырыс түскен. Жігіт сыраны сатып алып, 40 жастағы ер адамның пәтеріне әкеп береді. Ер адам оған бірге ішуге ұсыныс жасап, оның мүшесінен ұстап алғысы келген. Курьер дереу ол жерден кетіп, болған жағдайды әкесіне айтып береді. Полиция пәтерге барып, ер адамды ұстап алып кеткен. Оның аты – Алмас Кішкенбаев», - деп жазды Kozachkov телеграм каналы.
Полиция К. есімді адамның ұсталғанын растады.
«Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайларды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді»,- деді полицияның баспасөз қызметінен.