$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда такси жүргізушісі жариялаған видеодан кейін 32 жастағы ер адам ұсталды

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Алматыда такси жүргізушісі жариялаған видеодан кейін 32 жастағы ер адам ұсталды
Фото: ru.freepik.com

Алматы полициясы такси жүргізушісін шапалақпен тартып жіберген қала тұрғынын анықтап, ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

19 жастағы қала тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінген 32 жастағы ер адам полицияға жеткізілді.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, Алматыда такси жүргізушісі өзін ұрған агрессивті жолаушының іс-әрекетін видеоға түсіріп алып, желіде жариялады. Көліктің артқы жағында отырған жолаушы темекі шеккен. Жүргізуші оған ескерту жасап, темекі шекпеуді өтінеді. Алайда ер адам такси жүргізушісін боқтап, жігіттің бетінен ұрған. Жүргізуші жол жиегіне тоқтап, жолаушылардан көліктен шығуды талап етті.

Серіктес жаңалықтары