24.04.2025, 02:03
Жаңалықтар
Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Жалған сайттарда баға басқа жерге қарағанда айтарлықтай төмен болуы мүмкін

Фото: ru.freepik.com
Қазақстанның фармацевтика нарығында жалған интернет дәріханалар пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Aqparatsaqsysy телеграм каналының мәліметінше алаяқтар ресми интернет дәріханалардың клондық сайттарын жасап алатын болған, оларды түпнұсқадан айыру қиын. Онда қажетті дәрі-дәрмекті таңдауға болады, банк картасының деректемелерін енгізе аласыз және тіпті жылдам жеткізуге «тапсырыс» беруге мүмкіндік бар. Ақша есептен шығарылады, бірақ адам дәрі алмайды.
Жалған сайтты қалай тануға болады? Жалған интернет дүкеннің негізгі белгілері:
- Баға басқа сайттарға қарағанда айтарлықтай төмен болуы мүмкін. Сонымен қатар алаяқтар тегін жеткізу арқылы арбайды.
- Сатушы мен оның байланыс деректері туралы ақпарат болмайды.
- Дүкен жақында ашылған. Оның пайда болған күнін арнайы интернет сервистер (https://be1.ru/stat/) арқылы тексеруге болады. Ол үшін сервисте веб-парақшаның мекенжайын енгізіп, содан кейін «домен жасы» немесе «сайтты құру күні» санатын табу керек. Сонымен қатар сайттың мекенжайында қосымша әріптердің бар-жоғына назар аударған жөн.
- Өнімдердің сипаттамасы жоқ немесе олар бәсекелестердің сипаттамаларынан айтарлықтай ерекшеленеді.
- Менеджерлер телефонға қоңырау шалып, дәл қазір сатып алуды сұрайды (акцияға байланысты және т.б.).
- Сайт белгісіз төлем жүйелері немесе жеке тұлғаның картасына банктік аударым арқылы алдын ала төлемді талап етеді.
- Сатушы ресми интернет-ресурстар арқылы тексеруге болатын ұйымның ресми лицензияларын көрсетудің орнына сенімге ие болу үшін өзінің жеке басын куәландыратын құжаттың сканерін ұсынады.
Қазақстандықтарға дәріханадан тыс жерде бейтаныс адамдардан, қолдан немесе жарнамадан дәрі-дәрмек сатып алмауға кеңес беріледі.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
30.09.2025, 14:32
«Ақысы 1990 теңге»: енді ХҚКО қызметкерлері дайын құжаттарды үйге жеткізіп бере алады
30.09.2025, 09:23
Қостанай облысында әйелі мен баласын өлтірген ер адам ақыры ұсталды
30.09.2025, 22:44
«Реал» 45 минутта «Қайраттың» қақпасына пенальтиден ғана гол соға алды
01.10.2025, 00:24
«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға УЕФА-ның өзі қолдау білдірді
Редактордың таңдауы
30.09.2025, 12:12
Сарыағашта 311 мұғалім сырқат балаларға «сабақ үйреткені» үшін жазаланды