$ 519.29  613.28  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үш «ағасы» күтіп отырған: Оралда қызбен кездесуге барған жігіттің басы бәлеге қалды

Күдіктілер жәбірленушіні қорқытып, ақша талап еткен

Үш «ағасы» күтіп отырған: Оралда қызбен кездесуге барған жігіттің басы бәлеге қалды
Фото: istockphoto.com

Оралда ақша бопсалаумен айналысқан студенттер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жәбірленуші әлеуметтік желіде арқылы бір қызбен танысқан. Хат алмасу кезінде қыз оны өз үйіне кездесуге шақырған. Алайда көрсетілген мекенжайға келген кезде пәтерге үш белгісіз жігіт баса-көктеп кіріп, жәбірленушіні сыртқа шығарып, өздерін қыздың ағасы ретінде таныстырып, қорқытып ақша талап еткен.

«Қорыққан жәбірленуші телефонын күдіктілердің біріне берген, ол банк қосымшасы арқылы өзінің банк шотына ақша аударып алған», - деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында барлық қатысушы анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бес күдіктінің төртеуі — Орал қаласындағы колледж студенті, олардың бірі — сол кездесуге шақырған қыз. Полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары