$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда алты жасар бүлдіршінді жүк көлігі қағып кетті

Қазір ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді

Оралда алты жасар бүлдіршінді жүк көлігі қағып кетті
Фото: Azattyq Rýhy

Оралда алты жасар бүлдіршінді Брусиловский көшесінде «КамАЗ» қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдай 21 сәуір күні кешке болды. Полицияның хабарлауынша, бала белгіленбеген тұстан жолдан жүгіріп бара жатқанында жүк көлігі қағып кеткен.

«Бала түрлі жарақаттармен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады БҚО ПД.

«Мой город» облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың басынан ауыр жарақат алғанын және өзге де түрлі дене жарақатын алғанын хабарлады.

Айта кетейік, жуырда Алматыда жеті жасар қыз баланы жүк көлігі қағып кетіп, бүлдіршін алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмғаны хабарланған болатын.

Ал өткен айда Астанада бағдаршамнан өте берген мектеп оқушысын жүк көлігі басып кетіп, салдарынан тіл тартпай кеткені хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #жүк көлігі