$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сарыағашта балаларына алимент төлемеген ата-аналар сотты болды

Олар балаларына 20 млн теңге алимент төлемегені анықталды

Сарыағашта балаларына алимент төлемеген ата-аналар сотты болды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында алимент төлемеген ата-аналар сотты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау аясында 20 млн теңгеден астам қарыз берешектері бар борышкерлерге қатысты Түркістан облысы Сарыағаш ауданы прокуратурасы ҚР ҚК 139-бабы бойынша 4 қылмыстық істі тіркеп, сотқа жолдады.

Сот талқылауы барасында прокурорлар сотталушылардың алимент төлемегендерін, ата-аналық міндеттерін орындамағанын толық дәлелдеді.

Олар ұзақ уақыт бойы сот шешімін әдейі орындамай, кірістерін жасырған, бұл өз балаларының алдында қарыз берешегінің пайда болуына алып келген.

«Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша барлығына бір жыл бойы пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сондай-ақ, аудан прокуратурасы 30 алимент төлемеушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 669-б. 1-б. бойынша  әкімшілік іс қозғап, нәтижесінде барлығы сотпен әкімшілік қамауға алынды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары