23.04.2025, 21:05
Жаңалықтар
«Туып қоя жаздадым ғой»: Роза Рымбаевадан сұхбат алып жатқанда күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)
Әнші қатты сөйлеген адамның дауысынан шошып кетті
Фото: Instagram/rozarymbaeva
Әлеуметтік желіде белгілі әнші Роза Рымбаевадан сұхбат алып жатқан кезде болған бұрынғы оқиғаның видеосы қайта тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист сұрағын қоя бастағанда артқы жақтан біреудің қатты сөйлеген дауысы естіледі. Осы кезде әнші шошып кетіп: «Ойбай, туып қоя жаздадым ғой» деп елді күлкіге қарық қылды.
Желі қолданушылары: «Қатырды, Роза Қуанышқызы!», «Роза апамыз әзілқой екен ғой», «Әбден күліп бір жасарып қалдық, аман жүріңіз», - деп жазып жатыр.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
