Новости спорта, футбол, КПЛ

«Бірыңғай сатып алу терезесіндегі» мониторинг 2,8 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берген

Бұл ақпараттық-талдау орталығы «Атамекен» палатасы мен Сылайбас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірлескен жобасы

«Бірыңғай сатып алу терезесіндегі» мониторинг 2,8 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берген
Суретті баспасөз қызметі ұсынды

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атөрағасы Алик Шпекбаев кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесті, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Тараптар мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, бизнес-жобалар мен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау, квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді дамыту мәселелерін талқылаған.

«Агенттік басшысы ведомство жүргізіп отырған жұмыстың  негізгі нәтижелерімен таныстырды. Мәселен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен арадағы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануды анықтау бойынша өзара іс-қимылдың оң тәжірибесін атап өтті. «Бірыңғай сатып алу терезесі» ақпараттық-талдау порталы арқылы 5 ай ішіндегі мониторинг 2,8 млрд теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді», - дейді Шпекбаев.

Тараптар квазимемлекеттік секторда интегрити-қағидаттарды одан әрі ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл ретте компаниялар мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған комплаенс-қызметтер маңызды рөл атқарады. Оларды енгізу заңнамалық деңгейде көзделеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер мен офицерлер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер етеді. Іс жүзінде «тәртіпті қалпына келтіру» функцияларын орындау барысында олардың тәуелсіздігі мен дербестігі маңызды. Жалпы алғанда, олардың жұмысы корпоративтік мәдениеттегі парасаттылық жағына оң өзгерістерге әсер етеді» - дейді Шпекбаев.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.