20.04.2025, 04:08
Жаңалықтар
Астанада бірнеше көшеде бес айға шектеу енгізіледі
Әкімдік елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады
Фото: pixabay
Астана әкімдігі қаланың бірнеше көшесінде бес айға қозғалысқа шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қала әкімдігіне сілтеме жасап.
LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес:
- 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарлануда.
- 22 сәуір сағат 22:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылыс жұмыстарын орындау үшін автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.
Әкімдік елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрап, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды