19.04.2025, 07:54
Жаңалықтар
Қостанай облысында көктемгі сазға батып қалған көлік иесі құтқарушыларды көмекке шақырды
ТЖМ мәліметінше, көлікте 4 адам болған
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында көктемгі сазға батып қалған көлік иесі құтқарушыларды көмекке шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, көлікте 4 адам болған.
«Бүгін түнде Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қарақалпақ кентінен 5 шақырым жерде ішінде 4 адам бар жеңіл автокөлік балшық массасына кептеліп қалды.
Жүргізуші көктемгі сазға батып қалған учаскеден өздігінен шыға алмай, 112 желісіне хабарласып көмек сұрады.
Лебедкамен жабдықталған жоғары өтімді техникамен келген құтқарушылардың кезекші ауысымы көлікті батпақтан алып шығып, адамдарды құтқарды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы