Қазақстанда мопедтен кейін енді самокаттар да мемлекеттік нөмір тағуы мүмкін
Бұл ұсыныс нормативтік тұрғыда қарастырылып жатыр

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында самокат айдаушыларға қатысты тағы бір жаңашылдық енгізу қарастырылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Самокат иелеріне қатысты қазіргі таңда жұмыс жалғасып жатыр. Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық топта бірқатар түзету әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, шетелде, яғни Швейцарияда мемлекеттік нөмір тек самокатта ғана емес, велосипедтерде де бар. Сондықтан бұл норма мен ұсыныстар өте өзекті болып отыр. Яғни, самокат пен велосипедтерде мемлекеттік нөмір енгізуді нормативтік түрде қарастырып жатырмыз», - деді Санжар Әділов.
Айта кетейік, Қазақстанда қазіргі уақытта тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады.