$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Күйеуім ешнәрсе сыйламайды»: Ерке Есмахан мұңын шағып, сырын ашты

Ол желі қолданушысының хатына жауап берді

«Күйеуім ешнәрсе сыйламайды»: Ерке Есмахан мұңын шағып, сырын ашты
Фото: instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райымбек Бақтыгереевке (лақап аты – Raim) қатысты сырын ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол желі қолданушысының орнынан тұрып су ішкеніне және сирень гүлінің үлкендігіне қатысты сынына жауап берді.

«Кез келген нәрседен мін іздейтіндер болған, бар, бола береді. Міндет емес, сүннет деп өзіңіз де айтып тұрсыз. Менің жағдайымда тіпті бәрі бола береді. Бір бала сыртымда, біреуі ішімде, сол судың өзін әрең іштім.

Қыздар өздеріңізге үлкен букет неге аяйсыздар? Сосын күйеуім ешнәрсе сыйламайды деп ренжисіздер. Керісінше, неге ағашын түбімен жұлып әкелмедің деп еркелеп қойдым мен», - деп жауап жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан Raim-ның сыйлығын көрсетіп мақтанғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары