15.04.2025, 17:56
Жаңалықтар
Шетел азаматтары қайтадан ЖСН ала алады
Өтініштерді қабылдау 18 сәуірде басталады
Фото: gov4c.kz
Қазақстан 18 сәуірден бастап шетелдіктерге ЖСН беруді қалпына келтіреді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шетелдіктер үшін ЖСН тіркеу және оны беру туралы өтініштерді қабылдау 18 сәуірде басталады.
Енді мұны Қазақстанның шетелдік мекемелері арқылы 10 санаттағы азаматтар жасай алады.
Тізімде:
- әлеуетті инвесторлар;
- тауарларды таңбалау және қадағалап отыру аясында тауар айналымына қатысушылар;
- Қазақстан азаматының жұбайы болып саналатын шетелдіктер (АХАТ органдарында азаматтық хал актілерін тіркеу туралы белгі қою үшін);
- Ата-анасының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын шет мемлекеттің балалары (16 жасқа толмаған);
- мұраны қабылдайтын шетелдіктер;
- Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары;
- мүмкіндігі шектеулі шетелдіктер;
- 65 жастан асқан шетелдіктер;
- өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өндірушілер мен тіркеушілер;
- Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары болып саналатын шетелдіктер.
ЖСН алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар консулдыққа өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және түпнұсқасымен жеке хабарласуы қажет.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан бұл пилоттық жобаны тоқтатқан болатын.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті