$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда есірткі тасып жүрген адам ұсталды

Күдіктіден бірнеше түйіншек есірткі табылды

Атырауда есірткі тасып жүрген адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Атырауда марихуана тасымалдаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қала аумағында есірткі таратумен айналысқан, бұрын сотталған 33 жастағы БҚО тұрғынын ұстады.

Жеке тінту кезінде 1 түйіншек пен 1 дана пышақ тәркіленді. Сондай-ақ жеке автокөлігін тексеру барысында 1 Iphone 15  ұялы телефоны және 3 түйіншек табылды. Сол сияқты күдіктінің көрсетуімен қала аумағында тағы 35 түйіншек анықталып, тәркіленді.

Алынған заттар салмағы 32,61 грамм болатын «марихуана» есірткі заты екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен тергеу изоляторына қамауға алынды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары