$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Зейнетақы қорындағы ақшаңды алып беремін»: алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды

Елордада алаяқтық жасады деген күдікпен азамат ұсталды

«Зейнетақы қорындағы ақшаңды алып беремін»: алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Фото: istockphoto.com

Астанада полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 30 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Instagram желісінде жалған хабарландыру таратып, азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражатты шешіп беруді уәде еткен. Ол сенімге кірген жәбірленушілерден өз Kaspi Gold шотына ақша аударуды сұраған.

Тергеу барысында күдіктінің осындай 17 эпизодқа қатыстылығы анықталды. Күдікті өзінің қылмыстық әрекеттерін толық мойындады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары