$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде вагон арасынан өтіп кетпек болған әйел адам пойыз астына түсіп, көз жұмды (ВИДЕО)

Жантүршігерлік оқиға 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында болды

Семейде вагон арасынан өтіп кетпек болған әйел адам пойыз астына түсіп, көз жұмды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Семейде теміржол өткелінде қайғылы оқиға болды. Әйел адам жүк пойызының астына түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Abainewskz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жантүршігерлік оқиға 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Дулатов көшесіндегі темір жол өткелінде, Жансая базары маңында болды. Тоқтап тұрған көліктің камерасындағы видеоға мән берсек, әйел адам қозғалмай тұрған жүк пойызының астынан өтпек болған.

Пойыздың толық жүріп кетуін күтпестен, ол вагондардың арасынан өтіп кетпек болады. Алайда, санаулы секунд ішінде, сағат 16:22:19-да пойыз қозғалып, әйел адамды басып өтіп кетті.

Оқиғаның куәгерлері жүгіріп жетіп, әйел адамды пойыз астынан шығарып алғанымен, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Көліктегі полиция департаменті Семей стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары