$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде аялдама жанында көлік өртенді

Полицейлер тұрғындарды қауіпсіз қашықтыққа көшірген

Семейде аялдама жанында көлік өртенді
Фото: © istockphoto.com

Семей қаласында автобус аялдамасының маңында жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Шәкәрім даңғылы бойындағы аялдама жанында болған. Алғашқылардың бірі болып оқиға орнына патрульдік полицияның екі экипажы жеткен.

Полицейлер қауіпсіздік шараларын дереу ұйымдастырып, тұрғындарды қауіпсіз қашықтыққа көшіріп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен.

«Өрт шыққан сәтте аялдамада жолаушылар мінген рейстік автобус тұрған. Полиция қызметкерлерінің шапшаң әрекетінің арқасында дүрбелеңнің алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болды»,– делінген ПД хабарламасында.

Көп ұзамай Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары келіп, көліктегі өртті толық сөндірген. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Серіктес жаңалықтары