$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Мамандар балама жолдарды алдын ала таңдауға кеңес берді

Астанада LRT құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі
Фото: «City Transportation Systems» ЖШС

Астанада LRT құрылыс жұмыстарына байланысты қаланың оңтүстік-батыс айналма жолындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy City Transportation Systems баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«LRT құрылыс жоспарына сәйкес, 101-102 учаскесінде болат қорапты арқалық орнатуға байланысты 14 сәуір күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысындағы толық жоңышқа жапырағы типтес жолайрықта, Қарағанды тасжолынан Қосшы қаласы бағытындағы қозғалыс уақытша шектеледі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 15 сәуір күні дәл осы жолайрықта, бірақ Қосшы қаласы бағытынан Қарағанды тасжолына қарай жүретін көлік қозғалысы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін уақытша тоқтатылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, балама жолдарды алдын ала таңдауға кеңес беріледі.

Серіктес жаңалықтары