$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда бау-бақша аумағындағы ірі өрт сөндіріліп жатыр

Өрттің нақты аумағы белгісіз

Павлодарда бау-бақша аумағындағы ірі өрт сөндіріліп жатыр
Фото: © freepik.com

Павлодар облысындағы бау-бақша ұжымында қатты өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде өрт жалмаған ондаған дача үйінің видеолары тарады. Қазіргі уақытта өрттің нақты аумағы белгісіз, оны анықтау жұмыстары жүргізілуде.

112 пультіне бүгін шөп пен дача үйлерінің жанып жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл түрде ТЖМ бөлімшелері, Павлодар су арнасы, жедел жәрдем (103), полиция қызметі (102) және ТЖМ медицина орталығының мамандары жөнелтілді.

«Өртті сөндіру жұмыстарына қатты екпінді жел кедергі келтіруде. Жағдайды бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен әуеден шолу жасалды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды»,– делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауғажәне құрғақ пен қоқысты жағуға тыйым салынатынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары