$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе тұрғыны ұлын талдырып, үстіне секіргендердің жазалануын талап етті

Қазына Боқаеваның ұлын бір топ бала аямай соққыға жығып,  пышақтап кеткен

Ақтөбе тұрғыны ұлын талдырып, үстіне секіргендердің жазалануын талап етті
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ақтөбеде 17-дегі жасөспірімді бір топ бала аямай соққыға жыққан. Артынан пышақтап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қазір Диас өздігінен жүре алмайды.  11-сыныпты үйден оқып жатыр.  Диастың  ата-анасы шырылдап әділдік іздеп жүр.  Олар баласын аяусыз  сабап, пышақтағандардың жазалануын талап етуде.  

Оқиға 21 наурызда болған. Қазына Боқаеваның ұлын бір топ бала аямай соққыға жығып,  пышақтап кеткен.  17 жастағы Диас көрші қатарластары  шақырған соң, сол жерге барған көрінеді. Бірақ  олар қашып кетіп, Диас бір топ баланың арасында жалғыз қалып қойған дейді анасы.

«Менің баламды жалғыз тастайды. Оның басынан дубинкамен ұрып, талдырып, талып жатқан баланы 13 бала 13 жағынан тепкілеп, үстіне секіреді. Соңында қашып бара жатып жатқан жерінен пышақтап кетеді. Менің балам оларды танымайды, тек еріп барған», - дейді Диастың анасы Қазына Боқаева.

Қансырап жатқан жасөспірімге сол маңдағы  дүкеннің иесі алғашқы көмек көрсетіп, аман алып қалыпты. 

Одан кейін Диас  жиырма күндей ауруханада ем алған. Төрт операция  жасалып, бірнеше рет қан құйылған. Қазір ол өздігінен жүре алмайды.  

«15 баланың ішінен төрт баланы ғана жазаға тартып жатыр. Осы оқиғаға қатысқан балалардың барлығы жазаланғанын талап етемін. Балам әлі күнге дейін сабақтан қалып жатыр. Өзінің арманы әскери болу еді. Енді қазір оған да тапсыра алмайды», - дейді ашынған ана.

Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтөбе #төбелес