$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақботанұр КешYou тобынан кету үшін күйеуі ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты (ВИДЕО)

Өнер жұлдызы бұл туралы тележүргізуші Динар Сәтжанға берген сұхбатында айтып өтті

Ақботанұр КешYou тобынан кету үшін күйеуі ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты (ВИДЕО)
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Танымал әнші, актриса Ақботнұр Сейітмағамбет КешYou тобынан шығу үшін бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұлов ақша төлеуге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өнер жұлдызы бұл туралы тележүргізуші Динар Сәтжанға берген сұхбатында айтып өтті.

«Мұндай ақпаратты көп жерде айта бермеймін. Бізде КешYou тобымен 7 жылдық келісімшарт болған. Бірақ пешенеме жазылған тағдырыма байланысты 2 жыл ғана жұмыс істедім. Алайда уақыт өте келе өзімнің сүйіктімді киноға түсіп жүргенімде жолықтырдым. Қазір 8 жасар ұлым, 6 жасар қызым бар.

Тұрмысқа шығамын деп бір жағынан балалық болды ма, сол уақыттары айыппұлды күйеуімнің төлеуіне тура келді», - дейді Ақботанұр Сейітмағамбет.

Айта кетейік, осыған дейін КешYou-дың қыздары топ продюсері Баян Мақсатқызының туысынан қандай қиындық көргенін айтқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары