11.04.2025, 15:47
Жаңалықтар
«Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін»: алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды
Қызылорда облысының тұрғыны 3 млн теңгесінен айырылды
Фото: Pixabay
Қызылордада алаяқтық жасап, ірі көлемде ақша ұрлаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, өзін алдап кеткен әйел туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оның сеніміне кіріп, «Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін» деп уәде берген. Алайда ол алаяқтық жолмен жәбірленушіден 3 миллион теңге көлемінде ақша алған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы