$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мемлекет басшысы Шымкентте былтыр ашылған конгресс-холл ғимаратына барды

Ол Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты

Мемлекет басшысы Шымкентте былтыр ашылған конгресс-холл ғимаратына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты.

Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан.

Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты.

Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар. Sergek Group және Freedom Telecom компанияларымен бірге FWA 5G технологиясы негізінде жұмыс істейтін, жол қозғалысы мен мен қоғамдық тәртіпке үздіксіз мониторинг жүргізетін сыртқы бейнебақылау және жылдамдығы жоғары интернет жүйесі енгізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары