$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Синоптиктер болжамы жарияланды

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 12-14 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

«Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 12 сәуірде Қостанай, 13-14 сәуірде Ақмола, 14 сәуірде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, Абай, Жетісу облыстарында, 14 сәуірде Ұлытау облысында болады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман күтіледі. 12 сәуірге қараған түні Батыс Қазақстан, Атырау, 12-14 сәуірде Ақтөбеде, 13-14 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус аяз болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Күндіз температуралық фон:

  • елдің батысында 13-20-дан 17-23-ке дейін көтеріледі;
  • оңтүстік-батыста 15-20-дан 22-27-ге дейін көтеріледі;
  • солтүстік-батыста 8-15-тен 12-20-ға дейін көтеріледі;
  • солтүстікте, орталықта 20-25-тен 10-15-ке дейін төмендейді;
  • шығыста 23-29-дан 12-20-ға дейін төмендейді;
  • оңтүстікте 28-33-тен 23-28-ге дейін төмендейді;
  • оңтүстік-шығыста 23-33-тен 18-25-ке дейін төмендейді.
Серіктес жаңалықтары