$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Qnet» қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырғандар сотталып кетті: олар 301 млн теңгені қолды еткен

Тергеу ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті жүргізді

«Qnet» қаржы пирамидасының бөлімшесін ұйымдастырғандар сотталып кетті: олар 301 млн теңгені қолды еткен

Атышулы «Qnet» қаржы пирамидасын ұйымдастырған қылмыскерлерге қатысты ақыры сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктілер азаматтарды көп деңгейлі маркетингтік желі мен электронды коммерцияға инвестиция салуға, оның ішінде жалған «QVI tripsaver»  саяхат карталарын және зергерлік бұйымдарды сатып алуға үгіттеген.

Қатысушылардың салымдары 840 мыңнан 4 млн теңгеге дейін ауытқып, міндетті шарт ретінде басқа қатысушыларды тарту талап етілген.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 51 адам қатысып, олар 63 миллион теңгеден астам қаражат салған.

«Сот шешімімен пирамида ұйымдастырушылары кінәлі деп танылып, 6 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот шешімімен 301 миллион теңге құны бар Астана қаласынан 7 пәтер және «Toyota Camry» автокөлігі тәркіленді», - делінген Қаржы пирамидасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары