10.04.2025, 23:26
Жаңалықтар
Димаш Құдайберген маңызды мәлімдеме жасады
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген 26 мамырда туған күніне орай фан-кездесу өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу Almaty Arena стадионында «D and Dears» деген атпен ұйымдастырылады. Ол «Stranger» концертінің кинотеатрларға шығуына орайластырылмақ.
«Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар», - деп жазды әртіс әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша 27 мамырдан бастап Астанада өткен «Stranger» шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі.
Келесі аптадан бастап фан-кездесу билеттері Ticketon сайтына шығады.
Көп оқылған
15.05.2026, 14:09
«Жетпіс мың теңге үшін көкбауырын үзіп жіберген»: Алматы облысында тағы бір бозбала төбелестен көз жұмды
15.05.2026, 17:03
Жол сапасы назарда: Ақмола облысында ондаған зауыт тексеріліп жатыр
15.05.2026, 15:53
Семейде ер адам бүлдіршіндерге қарап тұрып, ұятсыз әрекет жасады (ВИДЕО)