09.04.2025, 20:34
Жаңалықтар
Орайлы сәтті күтіп отырған: Ақтауда мейрамханаға арам оймен келген зейнеткер ұятқа қалды (ВИДЕО)
Криминалдық полиция 65 жастағы қала тұрғынын ұстады
Фото: pixabay.com
Ақтауда мейрамханалардың бірінің қонағы екі ұялы телефонды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Полиция оқиғаның видеосын жариялады. Онда егде жастағы ер адам айналасында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, арам ойын іске асырғаны көрінеді.
«Криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдері күдікке ілінген 65 жастағы «М» есімді қала тұрғынын ұстады», - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 188-бабында көрсетілген қылмыстық іс шеңберінде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
