$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі лауазымды шенеунігі жемқорлық бойынша күдікке ілінді

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартқаны үшін күдікке ілінді

Ауыл шаруашылығы министрлігі лауазымды шенеунігі жемқорлық бойынша күдікке ілінді
Фото: istockphoto.com

Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігі лауазымды шенеунігі жемқорлық бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартқаны үшін күдікке ілінді. Осы арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған.

«Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген Антикор хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары