$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутаттар жаңа Салық кодексінде ажырасатын жұптарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салуды ұсынып отыр

Депутат Бейсенғалиев болса,  20 емес, 200 АЕК көлемінде айыппұл салу керек дейді

Депутаттар жаңа Салық кодексінде ажырасатын жұптарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салуды ұсынып отыр
Фото: istockphoto.com

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында ажырасу үшін салынатын салықты барынша жоғары етуге болар еді дейді. Бір топ депутат ажырасқысы келетін жұптарға 20 АЕК айыппұл салу бастамасын ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бала тәрбиесі мен отбасы құндылығы, оның беріктігі сынды міндеттер әрқайсымызың міндетіміз деп білемін. Бұл қоғамдағы бірегей мәселе әрі бәріне ортақ. Салық мәселесінде өте көп бағыт бар. Депутаттар ұсынған кейбір іс-шаралар оңтайлы шешім деп ойлаймын. Ажырасқандарға салынатын салықты өз басым 20 АЕК емес, 200 АЕК-ке дейін көтеруді ұсынар едім», - деді Берік Бейсенғалиев.

Оның айтуынша, жас отбасыларға бұл салық ой салады және депутат бұл шараны олардың жеке өміріне қол сұғу деп санамайды. 

«Бұл салық ажырасуды азайтуға себеп болады деп ойлаймыз. Депутаттар 20 АЕК салықты енгізуді ұсынып отыр», - деді ол.

Бүгін Мәжілісте Салық кодексіне енген өзгертулер бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары