$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында тағы бір ауыл тасқын судың астында қалуы мүмкін

Аймақта қазір Жарлыкөл көлінің су деңгейі көтеріліп тұр

Ақмола облысында тағы бір ауыл тасқын судың астында қалуы мүмкін
Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысында тағы бір ауыл тасқын судың астында қалуы мүмкін. Қазір аймақта әскери қызметкерлер көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Ақмола облысындағы үйлердің су басуына жол бермеді.

Ақкөл ауданы Еңбек ауылының маңында еріген сулардың егістіктен келуімен байланысты Жарлыкөл көлінің су деңгейі көтерілді. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады.

«Құтқарушылар инертті материалдары бар 5 мыңнан астам қапшықты төседі. Бөгеттің денесі нығайтылып, өнімділігі жоғары су сору станциялары орнатылды.

ТЖМ, ЖАО, ТЖМ 55209 ә/б әскери қызметшілерінің жедел іс-қимылдарының арқасында жеке тұрғын үйлерді су басудың алдын алды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары