Балабақша директоры мен бухгалтері 12 млн теңге ұрлаймын деп 120 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Олар енді бұл ақшаны 10 еселеп қайтарады

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы «Куйкен» балабақшасында директор мен бухгалтер ірі көлемде қаржы ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналармен төленген қаражатты өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.
«Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.
Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Келтірілген залал толық көлемде өтелді», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.