05.04.2025, 17:20
Жаңалықтар
Бірінші сыныпқа қабылдауға үш күнде 24 мыңнан астам өтініш түскен
Өтініш қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
2025–2026 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау 31 тамызға дейінжалғасады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Білім туралы» заңға сәйкес, бірінші сыныпқа алты жасқа толған балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Комитет мәліметінше, құжат қабылдау басталған алғашқы үш күнде 24 мыңнан астам өтініштүскен. Ең белсенді аймақтар – Астана қаласы мен Түркістан облысы. Сонымен қатар ата-аналардың шамамен 70%-ы баласын мемлекеттік тілде оқытуға ниет білдірген.
2025 жылы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын оқушылардың саны 370 мыңнан асады деп күтілуде.
Өтініш берудің бірнеше тәсілі бар:
- онлайн форматта eGov.kzпорталы немесе eGov Mobileмобильді қосымшасы арқылы;
- дәстүрлі жолмен – мектепке тікелей барып тапсыруға болады. Құжаттар демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды