02.04.2025, 04:16
Жаңалықтар
Қазақстанның туына арабша жазып алған: атышулы іс бойынша тағы бір жасөспірім жазаланды
Оқиға Атыраудағы мұз айдындарының бірінде болды
Фото: t.me/Atyrau Online
Атырауда Қазақстанның туына арабша жазып алып, фотоға түскен іс бойынша тағы бір жасөспірім жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, ол жасөспірім қыз бала ұсақ бұзақылық бойынша істі болды. Оның заңды тұлғасына 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынды. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Атырауда Қазақстанның туына арабша жазып алып, фотоға түскен жастар қоғам тарапынан ауыр сынға ұшыраған болатын. Олардың кім екендері анықталып, полицияға жеткізілген соң үстілерінен іс қозғалған.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
