Атырауда қара жамылғандар Қазақстанның туын өзгертіп, суретке түсті
Атыраудағы мұз айдынында түсірілген сурет қоғам тарапынан резонанс тудырды

Атырауда қара жамылып, Қазақстанның туын өзгертіп, суретке түскендер қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атыраудағы мұз айдынында түсірілген сурет қоғам тарапынан резонанс тудырды. Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірді.
«Әлеуметтік желіде таралған жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды», - деп жауап берді Атырау облысы Полиция департаментінің ресми жауабында.
Айта кетейік, Қазақстан заңнамасы мұндай құқық бұзушылық үшін қатаң жауапкершілікті көздейді, өйткені Мемлекеттік рәміздер ел егемендігінің ажырамас бөлігі болып саналады.