01.04.2025, 15:59
Жаңалықтар
2025 жыл Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы болып жарияланды
Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2025 жылды қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тілендиевтің 100 жылдығына орай Қазақстанда және түркі елдерінде концерттер, ғылыми конференциялар және басқа да мәдени іс-шаралар өтеді. Мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде де атап өтіледі.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 сәуірінде қазақтың біртуар композиторы, күйші, дирижер әрі халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толып отыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды