$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Димаш Құдайберген Ақордада Словения президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында өнер көрсетті

Әнші ресми парақшасында қандай әндер орындағаны туралы жазды

Димаш Құдайберген Ақордада Словения президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында өнер көрсетті
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Словения президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Ақордада өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

31 наурызда Словения президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді.

Ақорда резиденциясында бірқатар іс-шаралар өтті. Салтанатты қабылдауда Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қазақтың халық әні «Дайдидау» және француз тілінде «Sos d’un terrien en détresse» әндерін орындады.

Словения президенті қазақстандық әншінің ең үлкен жанкүйері екенін ерекше атап өтті. Пирц-Мусар ханым Димашпен әңгімесінде оның концертінде болғанын атап өтті. Димаш Пирц-Мусар ханымға ілтипаты үшін алғысын айтты.

Айта кетейік, 31 наурыз күні Астана қаласына Словения президенті келіп, екі ел арасында келіссөздер өтті.

Серіктес жаңалықтары