$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Олар күнде банан, ананас жейді, астыларында машина бар»: Қайрат Нұртас атағы жайлы айтып, сынға қалды (ВИДЕО)

Әншінің бұл пікірі жұртшылық тарапынан сынға ұшырап, желі қолданушылары түрлі пікір білдірді

«Олар күнде банан, ананас жейді, астыларында машина бар»: Қайрат Нұртас атағы жайлы айтып, сынға қалды (ВИДЕО)
Фото: Instagram/kair_n

Танымал әнші Қайрат Нұртас сұхбаттарының бірінде танымалдылықтың ата-анасына, бауырларына, отбасына әсері туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Олар кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың ата-анасы болғанына. Менің екі інім кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың інісі болғанына. Бала-шағам кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың отбасы болғанына.

Олар күнде банан жейді, олар күнде ананас жейді. Әрқайсысының астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп жатқан мен. Олар мойындайды», - дейді Қайрат Нұртас.

Әншінің бұл сөздері жұртшылық тарапынан сынға ұшырап, желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Бізде күнде банан жейміз Қайрат Нұртас болмасақта», «Интервью алмай-ақ койыңдаршы бұдан, өтініш», «Мынау сау кезi ме, әлде ішіп алған кезі ма?», «Жап-жақсы әнші еді, әңгімесі төмендеп кетіпті», «Мен де күнде банан мен ананас алып жеймін. Мен де Қайрат Нұртаспын ба?» - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың әйелі балаларын алып, шетелге кетіп қалғаны туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары