«Сезімім сөнді»: Қайрат Нұртастың әйелі балаларын алып, шетелге кетіп қалды
Әншінің жұбайы балаларымен түскен фотоларын жариялады

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұрт күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің жұбайы балаларымен бірге шетелге демалысқа кетіп бара жатқан сәтінен фотолар жариялады. Актрисаның жариялаған фотоларында күйеуі Қайрат Нұртастың жоқ екенін байқауға болады.
«Абонент байланыс аясынан тыс жерде, оның сезімі уақытша сөндірулі», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Актриса желі қолданушылары тарапынан қайда кеткені жөнінде қойылған сауалға да жауап беріп өтті.
«Ой шіли, қатты алысқа емес, мына тұрған жерге ғой. Аман-есен жетіп алған соң бөлісемін», - деп жазды әншінің жұбайы.
Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің арасына түскенін мойындағаны туралы хабарланған болатын.