30.03.2025, 11:42
Жаңалықтар
Шымкентте екі қабатты мейрамханада болған өрт сөндірілді
Өрт жертөледе шыққан
Фото: ТЖМ
Шымкент қаласының Асар шағын ауданында орналасқан екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттан қою қара түтін шығып жатқанын байқаған. Жану аймағының жоғары температурасы мен түтіннен көрінудің жоқтығы өрттің ошағын бірден анықтауға кедергі келтірді.
«Дегенмен, мамандар дер кезінде әрекет етіп, өртті толық сөндіріп, оның басқа аумақтарға таралуына жол бермеді», — делінген хабарламада.
Құзырлы органдардың мәліметінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Тергеу барысында жертөледе автокөлік бөлшектері мен майлар сақталғаны анықталды. Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі тексеріліп жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды