$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Каспий теңізі жыл өткен сайын тартылып барады (ВИДЕО)

Желіде 7 жыл бұрын түсірілген видеосы жарияланды

Каспий теңізі жыл өткен сайын тартылып барады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Каспий теңізі жыл өткен сайын тартылып барады. Желіде 2018 жылы және 2025 жылы түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі видеоның арасы – 7 жыл. Осы аралықта Каспий теңізінің жағасы бұрынғы деңгейінен едәуір ұзап кеткенін байқауға болады.

Теңіздің жыл өткен сайын тартылып бара жатқанын осыған дейін қоғам белсенділері, депутаттар, экологтар, жергілікті тұрғындар бірнеше рет көтерген болатын.

Айта кетейік, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту үшін Ақтау портының акваториясында теңіз түбін тереңдету жұмыстарына 42,1 млрд теңге жұмсалатын болды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің осыған дейін Сенат депутаттарына берген жауабында айтылған.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйлеп, Каспий мен Арал мәселесін көтерген болатын.

Серіктес жаңалықтары